Қазақстанда 2013 жылы құрылған. Сазан, бекіре және албырт балықтарына арналған экструдталған құрама жем өндірумен, сондай-ақ кемпірқосақ форельін жасанды өсірумен айналысады. Компанияның ресурстарына акваөсіру саласындағы үздік отандық және шетелдік мамандардың білімі, озық шетелдік технологиялар кіреді. Компания осы салалардағы әлемдік көшбасшылармен берік серіктестік орнатты, олардың тәжірибесін үйренеді және инновациялық техникалық процесті біріктірді.